Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай кәсіпқой рингтегі алғашқы айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның филиппиндік Нил Хакамосқа (7-2, 1 КО) қарсы жекпе-жегі Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day бокс кешінің басты айқасы болды.
Боксшылар он раунд толық жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Ташкенбайға берді. Жекпе-жек кезінде Санжар қарсыласын екі рет - бесінші және сегізінші раундтарда нокдаунға түсірді.
Осы жеңісінің арқасында Ташкенбай кәсіпқой бокстағы рекорды 1-0 болды. Сонымен қатар ол бірінші жеңіл салмақтағы IBF Asia ұйымының бос тұрған чемпиондық белбеуін иеленді.
Ал Хакамос кәсіпқой карьерасында екінші рет жеңіліп отыр. Оның еншісінде жеті жеңіс бар.
Жарнама