Нокаут! Сабыржан Азия чемпионатында қарсыласын екінші раундта тоқтатты

©

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Бангкоктегі Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан бұл турнирдің ширек финалында 71 келідегі Сабыржан кувейттік Салман Әл-Шаммаримен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жетің бірінші раундында-ақ қарсыласын екі рет есеңгіретті, ал екінші раундта Кувейт боксшысы кезекті рет нокдаунға түскенде төреші жекпе-жекті тоқтатты (техникалық нокаут). 

Осылайша, Аққалықов турнирдің жартылай финалына өтіп, кемі қола жүлдені еншісіне жазып отыр. 

Айта кетейік, 2021 жылы Кельцте (Польша) өткен жарыста 20 жастағы қазақстандық жастар арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport