Бокс
22 шілде 2022 07:40

"Нокаут көргім келеді, алайда...". Сарапшы Головкин - "Канело" айқасына "жағымсыз" болжам жасады

©SI.com

Белгілі talkSPORT порталының редакторы Майкл Бенсон Vesti.kz тілшісіне Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы трилогияға қатысты болжамын айтты. 

17 қыркүйекте Головкин мен "Канело" үшінші рет айқасады. Трилогия Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді. 

"Біздің кінә емес". Альварестің бапкері Головкинмен айқас туралы бар шындықты айтты

"Маған Головкин мен "Канелоның" текетіресі ұнайды. Олар орта және суперорта салмақта да ең мықты боксшылар. Оған ешкімнің таласы жоқ. Бұл айқасты көпшілік көптен күтті. Екі кездесуде қарсыластар бір-бірінің соққысын көтере алатынын көрсетті. Бірдеңе өзгерді деп ойламаймын. Мен нокаут көргім келеді, алайда, жекпе-жек төрешілер шешімімен аяқталады деп ойлаймын. Тіпті трилогия алдыңғы екеуі сияқты даулы болса, төртінші айқасқа да барып қалатын шығар", - дейді Бенсон. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport