Бокс
2 қазан 17:00

Нокаут! Қазақ боксшының қарсыласын төреші "аман алып қалды"

©instagram.com/sabyrkhan_makhmud

Қазақстандық Махмұт Сабырхан Шымкентте өтіп жатқан халықаралық турнирде ширек финалдық айқасын өткізді. 

57 келіде Махмұттың қарсыласы қырғызстандық Эльхан Молдогазиев болды. Бұл жекпе-жект қазақстандық боксшының басымдығы айқын болды. Қырғызстандық боксшы көптеген соққы өткізіп алып, көзі көгеріп қалды. Ал екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылай Махмұт техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Ертең, 3 қазанда Махмұт Сабырхан украиналық Олег Чулачеевпен финалға жолдаманы сарапқа салады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport