Нокаут. "Канеломен" жаттыққан боксшы экс чемпионды үш рет құлатты

©realmsofdiscordia.com

Америкалық Райан Гарсия (23-0, 19 KO) бірінші жеңіл салмақта әлем чемпионы болған доминиканалық Хавьер Фортунаны (37-4-1, 26 KO) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кездесу Лос-Анджелестегі Crypto.com Arena шаршы алаңында өткен бокс кешінің басты айқастарының бірі болды. Гарсия бірден басымдық көрсетіп, төртінші раундта денеден соққымен қарсыласын бір отырғызды. 

Бесінші раундта америкалық проспект доминиканалық боксшыны тағы бір рет есеңгіретті.

Алтыншы раундта Фортуна тағы құлады, осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Гарсия техникалық нокаутпен жеңді. 

Айта кетейік, Гарсия мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен бір залда жаттыққан, алайда, кейін боксшылар араздасып қалды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport