Нокаут және берілуге мәжбүр етті. 12 қазақ боксшы жартылай финалға шықты

©olympic.kz

Қазақстан боксшылары Сербияда өтіп жатқан Beogradski Pobednik халықаралық турнирінде 12 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов жартылай финалға жекпе-жексіз өтті, өйткені қазақ боксшының қарсыласы айқасудан бас тартты. 

Екі боксшы нокаутпен жеңіске жетті. Мұхамед Сабыр Базарбайұлы (63,5) Уэльс өкілі Ромео Костадан техникалық нокаутпен басым түсті, ал Нұржан Аманкелді (71) кубалық Антонио Биссетті берілуге мәжбүр етті.

Сонымен қоса, Қуаныш Дүйсенбай (51), Олжас Байниязов (54), Дәулет Молдашев (54), Оразбек Асылқұлов (57), Саматәлі Төлтаев (60), Дәулет Нысан (67), Армат Арманұлы (71), Ильяр Аширов (до 75) және Мәди Әміров (86).

Айта кетейік, бүгін жартылай финал айқастары өтеді, ал финал екі күнге бөлінген - 2 және 3 сәуір.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар