Нокаут және алтын. Қазақстандық алты боксшы Азия чемпионы атанды

©olympic.kz

Қазақстандық боксшылар жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты финалының бірінші күнінде алты алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жігіттер арасында Айдар Қадырхан, Төрехан Сабырхан, Ахмет Үсен және Санжар-Әли Бегалиев алтын иеленді. Сабырхан мен Бегалиев финалдағы қарсыластарын нокаутпен жеңгенін айта кетейік. 

Ал бұрымдылылар арасында Аружан Жанғабаева мен Құралай Егінбайқызы Азия чемпионы атанды. Бес боксшы күміс иеленді: Карина Токубай, Ұлдана Таубай, Нұрсұлу Сүйеналы, Роксолана Валиева мен Шұғыла Нәлібай.

Бүгін финалдың соңғы айқастары өтеді. 

Финалдың бірінші күнінің қортыныдысы:

Айдар Қадырхан (52 келі) - Суннатилла Уктамалиев (Өзбекстан) - 5:0.
Төрехан Сабырхан (57) - Фаррух Тулаганов (Өзбекстан) - RSC екінші раундта. 
Ахмет Үсен (63) - Ходжиакбар Кудратов (Өзбекстан) - 5:0.
Санжар-Әли Бегалиев (66) - Алиреза Моусави (Иран) - RSC екінші раундта. 
Мұхаммед-Әли Жанболат (75) - Темурбек Абдувахобов (Өзбекстан) - 0:5.
Асылан Елдібайұлы (80 келі) - Озод Бекалиев (Өзбекстан) - 0:5.

Карина Токубай (до 50) - Вини (Үндістан) - 0:5.
Ұлдана Таубай (до 60) - Никита Чанд (Үндістан) - RSC үшінші раундта.
Нұрсұлу Сүйеналы (до 63) - Шрушти Сачин Сате (Үндістан) - RSC екінші раундта.
Аружан Жанғабаева (до 66) - Нуха Ал-Зоуби (Иордания) - RSC бірінші раундта.
Роксолана Валиева (до 70) - Ойша Тоирова (Өзбекстан) - RSC екінші раундта.
Шұғыла Нәлібай (до 75) - Рудрика (Үндістан) - 0:5.
Кұралай Егінбайқызы (до 80) - Хуши Пуния (Үндістан) - 4:1.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар