Өзбекстан құрамасының боксшысы Абдумалик Халоков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіде өнер көрсететін Халоков финалда жапониялық Шудаи Харадамен айқасты. Бұл жекпе-жекте өзбек боксшы оңай жеңіске жетті. Абдумалик қарсыласын төрт рет нокдаунға түсіргеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтаты. Осылайша, өзбек боксшы техникалық нокаутпен жеңіп, Азиада чемпионы атанды.
Халоков Ташкенттегі ӘЧ-де алтын алған және Азия чемпионы (2022 жыл). Жастар арасындағы Олимпиада (2018 жыл) мен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы (2018 жыл).