Нокаут болады. Америкалық атақты маман Әлімханұлы-Н'Жикам кездесуіне қатысты болжам жасады

©

Танымал америкалық кәсіпқой бокс маманы, бұрынғы HBO тілшісі, қазір Showtime Boxing подкастының жүргізушісі Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) мен франциялық Хассан Н'Жикам (38-5, 21 КО) арасындағы жекпе-жекте кім жеңетінін айтты деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Меніңше Әлімханұлы қазір орта салмақтағы ең үздік ондыққа кіреді. Бұл боксшы туралы әлі көпшілік біле бермейді. Бірақ алдағы жекпе-жектен кейін барлығы өзгереді деп ойлаймын. Кездесуде қазақстандық басымдықты ұстап, нокаут жасайды деп күтудемін. Менің ойымша, бұл Жәнібек үшін өте маңызды жекпе-жек әрі өзі туралы қалың жұртқа жария етудің керемет мүмкіндігі" - дейді америкалық маман.  

Қоса кетейік, орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен бұрынғы әлем чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикам алдағы жексенбіде Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар