Бокс
Бүгін 21:21

Нокатупен жеңіс! Қазақстанның екі боксшысы АЧ алтынын айқасады

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшылар Сабрина Әділханова мен Самал Төлепберген Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

U15 санатында 46 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әділханова Қырғызстан өкілі Виолетта Тороенді бірінші раундта техникалық нокаутпен сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алды.

Ал 15 жасқа дейінгі санатта сынға түсіп жатқан Төлепберген Үндістан боксшысы Нишканы айқын басымдықпен жеңді.

52 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалдық кездесу қазақстандық спортшының пайдасына төрешілердің ортақ шешімімен аяқталды - 5:0.

Енді Әділханова мен Төлепбергенді турнирдің алтын жүлдесі үшін өтетін жекпе-жектер күтіп тұр.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport