"Негізгі мақсат – Париж Олимпиадасында 3-4 алтын алу". Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері алдағы жоспарымен бөлісті
Бүгін 6 қыркүйек күні бокстан ерлер арасында ұлттық құраманың бас бапкері ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бүгін 6 қыркүйек күні бокстан ерлер арасында ұлттық құраманың бас бапкері ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
31 жылдық бапкерлік карьерасында Қайрат Сәтжанов 2011-2019 жылдары жасөспірімдер құрамасының аға бапкері, 2019-2021 жылы жастар құрамасының тізгінін ұстады. Соңғы екі жылда Сәтжановтың шәкірттері 2019, 2021 жылдары Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте көш бастаған еді. Сонымен қатар, биылғы жастар арасындағы әлем біріншілігінде жалпы есепте екінші орыннан көрінді. Жаңа қызметке тағайындалысымен, бас бапкер алдағы жоспарымен бөлісті.
"Бұйырса алдымызда 26 қазан мен 5 қараша күндері әлем чемпионаты өтеді. Оның алдында Ақтауда халықаралық турнир болады. Дегенмен, биыл Токио ойындарына барған жігіттер қатыспайды. Бізде резерв бар. Жастардың бабын бақылаймыз. Негізгі мақсат – 2024 жылы Париж Олимпиадасында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алу. Мүмкін болып жатса 3-4 алтын алу. Сол үшін қазірден бастап аянбай тер төгетін боламыз", - дейді маман сайтымызға берген сұхбатында.
Еске салайық, осыған дейін 2018-2021 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін Ғалымбек Кенжебаев ұстаған болатын. Кенжебаевтың басшылығымен 2019 жылы әлем чемпионатында жерлестеріміз 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль еншілеген еді. Олимпиадаға жолдама берілетін азиялық квалификациялық турнирде қазақ боксшылары барлық салмақта жолдамаға ие болды. Сонымен қатар, 2021 жылғы сары құрлық турнирінде 5 күміс, 1 қола жүлде еншіледі. Күншығыс еліндегі байрақты бәсекеде құрама спортшылары 2 қола медальмен марапатталды.
Жарнама