auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Негізгі мақсат - абсолют чемпион болу". Ахмедов өз салмағындағы барлық титулды біріктірмек

"Негізгі мақсат - абсолют чемпион болу". Ахмедов өз салмағындағы барлық титулды біріктірмек
Сурет: tapology.com

Екінші орта салмақтағы қазақстандық проспект Али Ахмедов (16-0, 12 КО) IBO титулы үшін эквадорлық Карлос Гонгораға (18-0, 13 КО) қарсы жекпе-жек бойынша пікір білдірді. 

Жекпе-жекке дайындық туралы: Жаттығу лагерінде үлкен іс бітірдік, спаррингте де мықты жігіттер болды. Солақай жігітпен спарринг өткіздім. Сондықтан бұл кездесуге дайынмын. Бар назарым осы айқаста. Әрбір жекпе-жектің толық уақытына дайындаламын, бірақ, бұл бокс. Өткен кездесу жылдам аяқталды, алайда, келесіде не боларын білмейміз. Қандайда бір жоспар қоймаймын, ешқашан. Шығамын да, жұдырықтасамын. 

Арманы жайлы: Алдағы жекпе-жек мақсатыма қарай үлкен қадам болады. Негізгі мақсат - абсолют чемпион атану, өз салмағымдағы барлық белбеуді жинау. 

GGG үлгі болғаны жайында: Геннадий бәрімізге, жас жігіттерге бәрі де мүмкін екенін көрсетті. Мүлде басқа деңгейге көтерілуге деген ынтамызды ашты. Бағыт сілтеді. Геннадий мен үшін үлгі. Бірге жаттығып, үлкен тәжірибе жинақтадым - техникалық та, ментальді тұрғыда да. 

Еске салайық, Ахмедов 18 желтоқсан Холливудта өтетін бокс кешінің андеркардында жұдырықтасады. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) орта салмақта IBF және IBO белбеулерін қорғау үшін польшалық Камила Шереметамен (21-0, 5 KO) рингке шығады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама