"Неге мен ғана назарда екенімді түсінбедім". Сәпиев өзінің "ұсталғаны" жайында

Бүгін, 21 тамызда Сәпиев тілшімен сұхбат кезінде демалысқа шығу туралы шешімді отбасымен бірге қабылдағанын атап өтті.

"Ешкім жұмыстан кетуімді сұраған жоқ", - деді комитет басшысы тиісті сұраққа жауап бере отырып. Айтуынша, ол қазір Ақтауда.

Бұған дейін Telegram-дағы Yedilov online арнасында Сәпиевтің ұсталғаны туралы қауесеттер мен болжамдар жалған екені жазылған болатын. Серік Сәпиев бұл қауесеттер туралы хабардар екенін айтты.

"Мені ұстады деген ақпарат қайдан шыққанын мүлде түсінбеймін. Демалысқа шықсам да, жұмыс істеп, бұқаралық спортты дамытып жүрмін. Көбі декреттік демалысқа шығатынын білемін, неге мен ғана назарда екенімді түсінбедім. Бәрі жақсы", - деді Сәпиев.

Еске салайық, Серік Сәпиев 2019 жылдың қаңтарында Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне басшы болып тағайындалған.