Недеген жанкүйер! GGG-дің ақтөбелік фанатының қызық оқиғасы

©Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкиннің жанкүйерлері оны мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы трилогияда қолдау үшін Лас-Вегаста жиналды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың ішіндегі ең танымалдарының бірі - қазақстандық Ержан Тойлыбай. Ол 20 жылдан аса уақыт бойы GGG-ға жанкүйер болып келе жатыр, тіпті денесіне оның суретін салдырған.

"Өзім жас кезімде бокспен айналыстым, Геннадий Головкинді Қазақстан құрамасынан бері қолдадым. Оның бокс өнері ұнайды. Оның алғашқы жекпе-жегі Лондондағы О2 аренасында өтті. Мен ол жерге жұмыстарыммен бардым және жекпе-жекке тамашалау сәті түсті. Онда Геннадий өз жұмысын беске орындады, Келл Брукті нокаутқа жіберді. Ал қазір отбасыммен АҚШ-та тұрамын және мүмкіндігінше оның жекпе-жектерін өткізбеймін", - дейді Ержан.

Ержанның қыздары АҚШ-та дүниеге келген және GGG-ға жанкүйер.

"Геннадий Головкиннің жанкүйерімін, сөйтіп, татуировка жасауды шештім. Ол "Канеломен" алғашқы жекпе-жегін өткізгенде, анық жеңді. Бірақ тең ойын көрсеті деген шешім шығарылды, бұл мені қатты толқытты, сол сәтті есте сақтағым келді. Дәл сол алғашқы жекпе-жекте денеме суретін салғыздым", - деп еске алады Ержан.

Ол денесіне суретті Қазақстанда салғызған. Головкиннің жанкүйері Флоридадан Лас-Вегасқа трилогия үшін келген. Жекпе-жек билеті 800 доллар болған. Бірақ Ержанның жолы болған, өйткені ол бірнеше жыл бұрын кумирімен жеке танысқан.

"Нью-Йорктегі жекпе-жекте рингке көтерілудің сәті түсті. Менде оның суреті болғандықтан, оның менеджерлері мені байқады. Рингте Геннадиймен жеке танысамын. Одан кейін отбасыммен Флоридадағы оқу-жаттығу жиынына бардым. Геннадий Головкин өзінің осындай жанкүйері - ақтөбелік Ержан Тойлыбай бар екенін білгеніне қатты қуаныштымын", - дейді ол.

Айта кетейік, бәсекелестердің үшінші айқасы тағы да T-Mobile аренасында өтеді. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 18 қыркүйекте, жексенбіде таңертең өтеді және Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии
Жаңалықтар