Бокс
10 қараша 2021 09:36

"Не күтеріңді білмейсің...". 19 жастағы чемпион ең ауыр айқас қазақпен болғанын мойындады

©vRINGe.com

Украиналық боксшы Юрий Захареев XSPORT басылымына берген сұхбатында Белградтағы әлем чемпионатында ең ауыр айқас Асыланбек Шымбергеновпен болғанын мойындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/4 финалдағы бұл айқаста украиналық төрешілер шешімімен басым түсті. Ал The Fight Site сарапшысы Тэйлор О’Хиггинс қазақстандықтың жеңілісін төрешілер қателігімен байланыстырды.

"Ең ауыр жекпе-жек қазақпен болды. Менен бойшаң, қолы ұзын, қандай қимыл жасайтынын болжай алмайсың және не күтеріңді білмейсің. Бірақ оған да жол таптық. 

Рингке сенімді шықтым, өйткені бапкерлерім қалай жұмыс істеу керегін айта алады. Көріп тұрғаныңыздай, бәрі тамаша өтті", - дейді ол. 

Еске салайық, Захареев Сербияда 71 келіде алтын алып, әлем чемпионы атанды. Бұл жарыста ол кезекпен Махмуд Саидты (5:0), британиялық Мохаммед Акбарды (5:0), испаниялық Юб Сиссоконы (5:0), қазақстандық Асыланбек Шымбергеновті (3:2), әзірбайжандық Сархан Алиевті (5:0) және ресейлік Вадим Мусаевты (5:0) жеңді.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport