Бокс
3 сәуір 2022 11:57
 
"Не жетпейді?". Бапкер Головкинді "Канеломен" айқастан сақтандырды

  Пікірлер

blog.share

"Не жетпейді?". Бапкер Головкинді "Канеломен" айқастан сақтандырды ©HBO Boxing

Эррол Спенс және Джермалл Чарло сияқты боксшылармен жұмыс істеген америкалық бапкер Деррик Джеймс Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің қажеттілігіне күмәнданды, деп хабарлайды vRINGe.com.

"40 жастағы адам рингке ұмтылып жүрсе, онда салдарына да өзі жауапты. Бұл айқаспен не дәлелдемек екені бөлек әңгіме. Сіздерге де бұл ұнамай ма? Бұған оның промоутері, менеджері, әйелі мен отбасы да жауапты. Рингке итермелеп отырған солар ғой. Өзінің қабылдаған шешімі. Бұл жерде "Канелода" еш кінә жоқ. Оған қарсы кімді қояды, сонымен айқасады. Егер 40 жастағы боксшымен жекпе-жекке шықса, онда сақалына ақ кірген сол адамнан не істеп жүргенін сұрау керек.

Сұрақты Альвареске емес, Головкинге қою керек: "Мұның саған не керегі бар? Неге менеджерің әлі де саған жекпе-жектер тауып беруде? Саған ол шынымен қажет пе? Не жетпей жатыр?" - дейді маман. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!