Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ол шымкенттік Жайна Шекербековамен кездесті.
Жекпе-жек толық үш раунд өтті. Нәтижесінде төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіс Қызайбайға берілді.
6 қарашада Назым Қызайбай алтын үшін Элина Базаровамен жұдырықтасады. Ал Шекербекова жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Назым Қызайбай - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2024), бокстан үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025), сондай-ақ Азия чемпионы (2021).
Жарнама