Назым Қызайбай Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші жекпе-жегінде Алматы өкілі Шымкент қаласының боксшысы Элина Базаровамен кездесті.
Жекпе-жек төрешілердің бөлінген шешімімен Базарованың пайдасына аяқталды - 3:2. Осылайша, Базарова 2025 жылы Семейде жеңіп алған ел чемпионы атағын қорғап қалды.
Назым Қызайбай - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2024), үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025), сондай-ақ Азия чемпионы (2021).
Айта кетейік, бүгін, 6 қарашада Таразда ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Күндізгі сессия 12:00-де басталды. Ал кешкі сессия 15:30-да басталады.
Жарнама