Бокс
Бүгін 09:28

Назым Қызайбайдың ӘЧ жүлдесі үшін айқасын төрешіге тоқтатуға тура келді

©ҚБФ

Қазақстан құрамасының боксшысы Назым Қызайбай Сербияның Нише қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына оңай өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

48 келідегі ширек финалда Назымның қарсыласы венесуэлалық Тайонис Седеньо Рохас болды. Қазақстандық боксшы бұл айқаста қарсыласын екінші және үшінші раундта нокдаунға түсірді, екінші нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады.

Осылай Назым техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр. 

Турнирдің 1/2 финалына жолдама алу арқылы қазақстандық боксшы кемі қола жүлдеге ілігіп отыр. Назым 1/8 финалда да қарсыласын нокаутқа түсіргенін айта кетейік. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport