Әуесқой бокста әлемнің үш дүркін чемпионы және 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері қазақстандық Назым Қызайбай жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. Спортшы "1001 түн" бағдарламасының қонағы болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бағдарлама барысында көрермендердің бірі 32 жастағы Назымнан: шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққалы жатыр деген ақпараттың рас-өтірігін сұрады.
"Адамдар мұны қайдан шығарып алғанын, білмеймін. Бұл туралы жиі сұрайды. Оны мен айта алмаймын, шыны керек. Оны уақыт көрсетеді деп ойлаймын. Иә да, жоқ та, демеймін, ертең не болатынын білмейсің ғой. Спортпен айналыспа-ақ қойсын? Бірақ өз-өзіне қарағаны дұрыс", – деді Қызайбай Qazaqstan телеарнасының эфирінде.