Бокс
2 шілде 16:51

Назым Қызайбай өзбекстандық чемпионды жеңіп жүлдеге ілікті

©ҚБФ

Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогінің жартылай финалына өтті.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта Фарзона Фозиловамен (Өзбекстан) өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Назым Қызайбай жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері Әлем кубогі кезеңінің финалына шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, Фарзона Фозилова - 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2024 жылғы Азия чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport