| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 14:09
 

Назым Қызайбай өткен жеңілісінің есесін қайырып жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Назым Қызайбай өткен жеңілісінің есесін қайырып жүлде жеңіп алды ©Kazakhstan Boxing Federation

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жуырда 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне ауысқан үш дүркін әлем чемпионы турнирдің ширек финалдық кезеңінен сәтті өтті.

1/4 финалда Назым Польша боксшысы Виктория Рогалинскамен кездесті. Екі ай бұрын Бразилияда өткен Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қазақстандық боксшы дәл осы қарсыласына жол берген еді.

Бұл жолы Қызайбай қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Жекпе-жектің алғашқы секундтарынан бастап бастаманы өз қолына алған қазақстандық спортшы кездесуді толық бақылауда ұстап, басымдық танытты.

Нәтижесінде төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Назым Қызайбайға берді.

Бірінші раундта қазақстандық боксшының басымдығы айқын болды — 5:0. Екінші раундта екі төреші польшалық боксшыға басымдық бергенімен (3:2), шешуші үшінші раундта Қызайбай тағы да көпшіліктің дауысын иеленді.

Осылайша, Назым Қызайбай Бразилиядағы жеңілісі үшін қарымта қайтарып қана қоймай, турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!