Бокс
15 қазан 11:46

Назым Қызайбай келесі Олимпиадаға қатысты мәлімдеме жасады

©Тұрар Қазанғапов

2024 жылғы Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай "Түнгі студия" бағдарламасына берген сұхбатында төрт жылдықтың басты жарысы туралы ойын айтты. 

Қазақстан құрамасының жаңа капитаны атанған Назым үшін Париж ойындары карьерасындағы алғашқы Олимпиада болды. 

"Олимпиада тамаша өтті. Бұл менің спортпен айналысқан 16 жылдағы алғашқы Олимпиада ойындарым болды. Бұған дейін мен әлем чемпионаттары мен Азия ойындары сияқты ірі турнирлерге қатыстым, бірақ Олимпиада мүлдем басқа деңгей. Бұл көп жылғы еңбектің жемісі. Маған алғашқы Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алу бақыты бұйырды, 2028 жылы өтетін келесі Олимпиадада алтын алатыныма сенемін", - деді бұрымды боксшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport