Бокс
19 қараша 09:21

Назым Қызайбай карьерасына қатысты маңызды шешім қабылдады

©ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясы алдағы Азия чемпионатына баратындар арасында неге Назым Қызайбай жоғын түсіндірді. 

Париж Олимпиадасында жүлде алған (50 келіде) жалғыз бұрымды боксшы 28 қараша мен 12 желтоқсан аралығы Таиландта өтетін Азия біріншілігіне бармайды. Сонымен қоса, Назым қайтадан 48 келге оралатын болыпты. 

"Назым Қызайбай Олимпиададан кейін қысқа демалыс алды. Қазір ол екінші жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ол желтоқсан айында Қарағандыда өтетін Қазақстан чемпионатына 48 келіде қатысады", - дейді ҚБФ өкілдері Tengri Sport тілшісіне. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport