Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол Италия боксшысы Сирин Шаарабимен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша 32 жастағы Қызайбай төрешілер шешімімен жеңіске жетті - 4:1. Бұл Назым мен Сирин арасындағы алғашқы кездесу болды.
Осылайша, Қызайбай World Boxing ұйымының Әлем кубогындағы мансабындағы ең ірі жетістіктерінің бірін қайталады. Өткен жылы ол Астанада өткен кезеңде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған болатын.
Нәтижесінде Назым Қызайбай Гуйяндағы World Boxing Әлем кубогында Қазақстан құрамасы сапынан чемпион атанған алғашқы спортшы болды.