Әуесқой бокста әлемнің үш дүркін чемпионы қазақстандық Назым Қызайбай карьерасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлеуметтік желіде оқырмандардың бірі Қазақстан әйелдер құрамасының капитанына кәсіпқой боксқа ауысу туралы ойы бар-жоғын сұрады.
"Жақсы ұсыныс болса, ағай мен басшылар рұқсат берсе, неге көрмеске", – деп жауап берді Назым.
Жуырда Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында Қызайбай күміс жүлдегер атанды.
Назым Қызайбай – қазақ боксы тарихындағы (ерлер мен әйелдер арасында) үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Ол 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионаттарында алтын иеленген. Сондай-ақ, ол – 2021 жылғы Азия чемпионы және 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.