Бокс
23 қыркүйек 09:16
 

Назым кәсіпқойға кете ме? 32 жастағы чемпион өзі жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Назым кәсіпқойға кете ме? 32 жастағы чемпион өзі жауап берді ©Kazakhstan Boxing Federation

Әуесқой бокста әлемнің үш дүркін чемпионы қазақстандық Назым Қызайбай карьерасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Әуесқой бокста әлемнің үш дүркін чемпионы қазақстандық Назым Қызайбай карьерасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлеуметтік желіде оқырмандардың бірі Қазақстан әйелдер құрамасының капитанына кәсіпқой боксқа ауысу туралы ойы бар-жоғын сұрады.

"Жақсы ұсыныс болса, ағай мен басшылар рұқсат берсе, неге көрмеске", – деп жауап берді Назым.

 

Жуырда Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында Қызайбай күміс жүлдегер атанды.

Назым Қызайбай – қазақ боксы тарихындағы (ерлер мен әйелдер арасында) үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Ол 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионаттарында алтын иеленген. Сондай-ақ, ол – 2021 жылғы Азия чемпионы және 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!