Нақты күн белгіленді. Әлімханұлы Головкин салмағында чемпиондық айқас өткізеді

©crumpe.com

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) жекпе-жегі ESPN-дегі бокс кешінің басты оқиғасы болады, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBO ұйымының орта салмақта "уақытша" чемпион атағы үшін айқас 21 мамырға белгіленді. Бұл туралы инсайдер Дэн Рафаэль мәлімдеп отыр.

Чемпиондар Жәнібекпен жекпе-жектен неге бас тартып жатқаны айтылды

"WBO титулы үшін Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум кездесуін өткізу құқын беретін сейсенбіге белгіленген промоутерлік сауда өтпейді. Олар 21 мамырда ESPN-дегі бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Бұл туралы маған атақты Карл Моретти айтты. Ал өтетін орны нақтылануда", - деп жазыпты инсайдер. 

Айта кетейік, боксшылар орта салмақта WBO титулын сарапқа салады, ал бұл дивизионда IBF және IBO белбеулері өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкинде (41-1-1, 36 КО).

Сүйектен өтеді. Ашынған Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport