Орта салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы Хесус Рамос (24-1, 19 КО) қарсыласы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) ұзақ уақыт рингке шықпағанымен, оны бағаламау дұрыс болмайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рамос Нұрсұлтановтың нақ бабында болғанын қалайдыНұрсұлтанов Рамоспен 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады. Қазақстан уақытымен кездесу 20 қыркүйек күні таңертең болады.
Жеңімпаз міндетті үміткер атанады"Нұрсұлтановқа жоғарыдан төмен қарайға болмайтынын жақсы түсінеміз. Ол рингке қолынан не келетінін паш ету үшін шығады. Бірақ біз ол не көрсетсе де дайын боламыз. Оның нақ бабында келгенін күтемін және бұл маған қосымша жігер береді", - деп келтіреді Рамостың сөзін The Ring.
Бұл жекпе-жекте орта саламақтағы WBC ұйымының уақытша чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Кездесуде жеңіске жеткен боксшы ұйымның толыққанды чемпионына міндетті қарсылас атанады. Бұл салмақтағы қазіргі әлем чемпионы - доминиканалық Карлос Адамес (25-1-1, 18 КО).
32 жастағы Нұрсұлтанов үшін алдағы жекпе-жек ұзақ үзілістен кейінгі айқас болмақ. Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылы Ташкентте рингке шығып, чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңген.