Орта салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы Хесус Рамос (24-1, 19 КО) қарсыласы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) ұзақ уақыт рингке шықпағанымен, оны бағаламау дұрыс болмайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рамос Нұрсұлтановтың нақ бабында болғанын қалайды
Нұрсұлтанов Рамоспен 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады. Қазақстан уақытымен кездесу 20 қыркүйек күні таңертең болады.
"Нұрсұлтановқа жоғарыдан төмен қарайға болмайтынын жақсы түсінеміз. Ол рингке қолынан не келетінін паш ету үшін шығады. Бірақ біз ол не көрсетсе де дайын боламыз. Оның нақ бабында келгенін күтемін және бұл маған қосымша жігер береді", - деп келтіреді Рамостың сөзін The Ring.
Жеңімпаз міндетті үміткер атанады
Бұл жекпе-жекте орта саламақтағы WBC ұйымының уақытша чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Кездесуде жеңіске жеткен боксшы ұйымның толыққанды чемпионына міндетті қарсылас атанады. Бұл салмақтағы қазіргі әлем чемпионы - доминиканалық Карлос Адамес (25-1-1, 18 КО).
32 жастағы Нұрсұлтанов үшін алдағы жекпе-жек ұзақ үзілістен кейінгі айқас болмақ. Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылы Ташкентте рингке шығып, чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңген.
INTERIM WORLD TITLE FIGHT! ?
— World Boxing Council (@WBCBoxing) September 14, 2026
Jesus Ramos Jr. defends his WBC Interim Middleweight Title against the WBC's No. 1 ranked middleweight contender, Meiirim Nursultanov.
?? vs ??
? September 19
? San Diego, California
? WBC Interim Middleweight World Title#RamosNursultanov pic.twitter.com/tNgMkMZGfU
Жарнама