"Канело" Альварес - бәрінен бұрын осымен жекпе-жек қалаймын. Бұл ғаламда оған менен артық қарсылас табылмас. Жігіттердің көбі онымен рингке шыққанда қашып жүріп, аман қалуды ойлайды, ал мен жайпап өту үшін шығамын. Йә, мен оны жеңе аламын. Жеңіс стратегиям бар, оның әлсіздіктерін көріп жүрмін. Мен оған нағыз төбелесті көрсетемін, ол мұндайға дайын емес.
Геннадий Головкин мен "Канело" Альварес - бокстағы дүркіреп тұрған есімдер, орта салмақтың титулдарына ие. Осы жігіттермен жекпе-жекті қалайымын, қазір маған осындай атышулы жігіттер керек. Бір қадам да артқа кетпеймін. Тек алға!" - дейді Юбенк.
Чемпиондардан бірінші Головкинді сұлатам деген 22 нокауты бар боксшыны GGG-дің бапкері орнына қойды