Бокс
9 шілде 2018 10:50
 
"Нағыз көше төбелесі болады" - Головкин "Канеломен" қарымта туралы

  Пікірлер

blog.share

"Нағыз көше төбелесі болады" - Головкин "Канеломен" қарымта туралы © sportsmemorabilia.com

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) алдағы жекпе-жекте жеңісті қолдан бермейтінін айтты.

"Бұл жекпе-жекте жеңіле алмаймын. Мен үшін өте қызықты қарсыластық, өйткені қуатымды сезініп тұрмын. Чемпионның қуатын. Өзгеріс енгіземін. Екінші жекпе-жекке не керегін білемін. Бұл жолғы жағдай басқа, мүлде өзге. Бұл жолы тәжірибем көбірек. Бұл нағыз көше төбелесі болады", - деп келтіреді Головкиннің сөзін Boxingnews24.com.

Мұның алдында қазақстандық боксшы "Канелодан" кейін Билли Джо Сондерспен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде болған. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең аяқталған болатын. Боксшылар арасындағы қарымта кездесу 16 қыркүйекке белгіленген. 

Жарнама

Живи спортом!