Мырзағали Айтжанов Ташкенттегі әлем чемпионатына дайындық туралы айтты

©

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Ташкентте өтетін әлем чемпионатына дайындығын жалғастыруда, деп хабарлайды Vesti.kz

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов жаттығу жиындары туралы айтып берді. 

"Ақырғы жаттығу жиынымыз, әлем чемпионаты алдында Түркістан облысында өтеді. "Алма-Тау" базасында. Үлгерсе біріккен жаттығу болады, Аустралия, Филиппин сияқты елдер де келеміз деп отыр. Одан бөлек Армения, Тәжікстан бізбен біріккен оқу-жаттығу жиыны өткізбек, онда арнайы шеберлікке, тактикаға мән береміз. Сол жерден 29 сәуірде аттанамыз Ташкентке. 30 сәуір жеребе болады, ал 1 мамыр мен 14 мамыр аралығында әлем чемпионатына құрамамыз қатысады. Осы жаттығу жиынының ортасында жарысқа қатысатын жігіттердің тізімін айтамыз", - дейді Айтжанов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар