Мырзағали Айтжанов Спартакиада туралы ойын айтты

©ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Астанада өткен бокстан Спартакиаданы қорытындылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Төрт жылда бір өтетін бұл жарыста 16 облыс пен үш қаладан 176 боксшы 13 салмақтағы жүлде үшін таласты. 

Айтжановтың сөзінше, оның бұл жарысқа көңілі толды.

"Барлық мықтылар жұдырықтасты. Екі жігітті ғана босаттық (Қоңқабаев пен Шымбергенов), қалған боксшылар аянып қалған жоқ, жас, өсіп келе жатқаны да. Ешкім ешкімнің атағынан қаймыққан жоқ, өте тартысты жекпе-жектер болды. Жартылай финал, ақтық жекпе-жектерде теңдей, өте бәсекелес болғандары бар. Спартакиаданың қорытындысы Қазақстанда бокстың бар екенін білдіреді. Бәсекелестіктің барын көрсетеді, үміт күттіретін бірталай жас боксшыларымыз бар, соларды жақсылап тәрбиелеп, мықтылардың орнын басатындай етіп дайындаймыз", - дейді Айтжанов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport