Мырзағали Айтжанов Астанадағы спаррингтік турнирге қатысты пікір білдірді

©ҚБФ

Бокстан Астанада өткен спаррингтік турнирге қатысты команда бас бапкері Мырзағали Айтжанов өз пікірін білдірді. Құрама жетекшісінің айтуынша, боксшылар жарысқа үлкен дайындықпен келген, деп жазады Olympic.kz

"Жарыс өте әділ өтті. Кімнің қалай жұдырықтасқанын жанкүйерлер теледидар арқылы көрді.  Басшылар арнайы келіп тамашалады. Халықтың да көзі жетті деп ойлаймын.

Бес боксшы да жақсы дайындықпен келген. Себебі, Олимпиадаға баруды бәрі  армандайды. Әрбір жекпе-жек өте тартысты өтті. Бесеуі де аянып қалған жоқ, бар күшін салды. 

Енді жеңімпазға келер болсам, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Италиядағы турнирде жолдамасыз қалды. Осы жолы өз мықтылығын ел ішінде тағы дәлелдеп отыр. Алдағы уақытта кем-кетікпен жұмыс істейміз. Басты мақсат - Олимпиадаға лицензия алу.

Ал ұлттық құраманың жоспары ауқымды. Куба және Өзбекстанмен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Мамыр айында Elorda Cup турнирі өтеді. Сол бәсекеде боксшылардың аяқ алысын бағамдаймыз", - деді Айтжанов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport