Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам еліміздің боксын дамытуға қандай мамандар жетіспей жатқанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшының сөзінше, қазіргі таңда кәсіпқойда болсын, ұлттық құрамада болсын, боксшылардан сараптама мен талдаулар алып, олардың гормондарының дұрыстығын, ағзасына не жетіспей тұрғанын нақты талдай алатын мамандар қажет.
"Мен Мырзағали (Айтжанов) ағайға да айттым, Головкинді алып кел дедім. Айтам мен - ей тыққан, пыққан бұрынғы витаминдер бар ғой, менде де, сенде де бар. Соны айтайық та, қазақтың наны ғана тәтті емес қой. Бәрін айтайық. Сондай шынайы бір жол керек. Костюм киіп алып, алға Қазақстан деуден ғана түк өзгермейді. Өйтіп халықты алдамайық. Аспанна түсе қалған жоқпыз ғой. Осы халық қой бізді басына көтеріп, алып шыққан. Осындай ізіміз бен сөзімізбен, білгенімізді бөлісіп, бапкерлермен, спортшылармен бөлісіп, жарыстар ұйымдастырып, мақсатымызға жету керекпіз", - деді боксшы YouTube-тегі SauBall арнасына берген сұхбатында.
Жарнама