Бокс
8 қараша 2022 16:31

"Мықтылармен шығатын кез келді". Әлемге әйгілі басылым редакторы қазақстандық нокаутшы жайлы

©instagram.com/kossobutskiy

Bild журналының редакторы Ральф Шмидт Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Жан Кособуцкийдің (19-0, 18 КО) соңғы айқасында неміс Хуссейн Мухамедтің (17-1, 14 КО) жеңгеніне қатысты ойын айтты 

"Кособуцкий өз жеңісіне сенімді болды. Өте маңызды айқаста жеңіске жетті. Жекпе-жек барысында қарсыласынан басым болды. Бұл жеңістен кейін рейтингте өсу тиіс және алдағы уақытта чемпиондық айқас өткізуіне мүмкіндігі көбейеді. Мықтылармен шығатын кез келді. Мәселен Кособуцкийдің енді Хелениус, Махмудов немесе Уайттармен қолғап түйістіргені қызық болар еді", - дейді Шмидт.

Еске салайық, Кособуцкий кәсіпқой рингтегі 19 айқасында жеңіске жетті. Ал неміс Хуссейн Мухаммед спорттық жолында алғаш рет жеңіліс тапты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport