Үш титулы бар жеңілмеген қазақ боксшы WBA рейтингінде бірінші орынға жақындады
"Біз бәріне салмақты қарап, барынша дайындаламыз. Мен мықты боксшылармен жұдырықтасамын, соның арқасында рейтингте көтеріліп келемін. Жол бастаған ағаларымнан үлгі аламын: Геннадий Головкин мен Қанат Исламнан. Мен рейтингте көтерілгеніме таңданбадым, өйткені бұл еңбегімнің жемісі. Промоутерлер де тамаша жұмыс істейді. Соңғы жекпе-жекте тәуекелге барып, Аустралияға бардық. Бұл да өз нәтижесін берді. Алдағы уақытта әлем чемпионы болғым келеді.
WBA рейтингінен бөлек, басқа да ұйымдардың үздік боксшыларының қатарындамын. Бірден бірнеше бағытта біртіндеп ілгерлеймін. Басты арманым - белбеулерді біріктіріп, "абсолют" атану, - дейді Ербосынұлы.