Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Генадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) кездесуден не күтетінін айтты. Олардың жекпе-жегі Қазақстан уақытымен 18 қыркүйек, жексенбі күні таңертең болады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бұның алдындағы кездесуде ол барлығын жақсы жасады. Ол әлі де мықты, ол әлі де баяғыдай. Соққыны жақсы қабылдап алады, жақсы соққы жасайды. Айтып отырмын ғой, ол әлі де баяғыдағыдай мықты Муратамен кездесуде Головкин көбірек соққы өткізген де шығар. Оның себебі, меніңше қарсыластың соққылары Головкиннің көңілінен шықпағандықтан деп ойлаймын. Бұл менің ойым.
Егер нокаут жасасам, жақсы. Егер жасай алмасам, 12 раундты толық өткіземін. 2018 жылдан бері кросс жүгірмеймін. Реванш алдындағы тізе жарақатына байланысты жүгіруді тоқтаттым. Естеріңізде болса сол жылы сәуірде ота жасаттым. Бірақ осы жолғы дайындықта мен жүгіруді қайта бастадым. Сондықтан өзімді тіпті керемет сезінудемін. Маған екінші орта салмақ ыңғайлы. Бұл салмақта Головкин өзін қалай сезінеді? Ол туралы білмеймін. Бірақ бірден айтайын, мен орта салмаққа ауысқанда мықтылардың мықтысымен рингке шықтым", - дейді Альварес vRINGe.com берген пікірінде.