Белгілі боксшылармен өткізген жаттығуларының видеосын Моминов Intagram желісінде жариялады.
"Ең мықты болу үшін, ауыр еңбек пен мықтылардан үйрену қажет. Ин шаа Аллах 2020 менің жылым болады!" - деп жазыпты қазақстандық.
Еске салайық, Моминов 2017 жылы Альвареске қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы бірінші жекпе-жекке дайындалуға көмектескен еді.