"Мықтылар Андрадені сырт айналады". Жәнібек Әлімханұлының WBO чемпионы болу мүмкіндігіне баға берілді
Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) келесі жылы WBO чемпионы Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) жұдырықтасуы ықтимал. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит осы айқасқа болжамын айтты.

"Тәжірибесінің молдығына байланысты Андрадеде басымдық бар. Бірақ Андраденің артықшылығы оның карьерасына бөгет болды. Оның стилі өте ыңғайсыз, сондықтын мықты боксшылардың бәрі одан шет айналып жүретін. Осы себепті америкалықтың қарсыластары қатарынан бірде-бір элиталы боксшыны көрмейсіз. Мықтылар бар, бірақ, элита жоқ.
Көп жылдан бері қарсыластар деңгейі өспегендіктен Деметриус те бұрынғы бабын жоғалтуы мүмкін бе? Егер солай болса, Әлімханұлы ол үшін өте қиын қарсылас болады.
Жәнібектің өзі үшін бұл әрине үлкен мүмкіндік. Егер ол Андрадені жеңсе, онымен бәрі санасатын болады. Осыдан кейін ол өзге титулдарға таласа алады, бірақ, алға жүгірмей-ақ қоялық. Бұл айқас өте ауыр болады деген ойдамын", - дейді Стангрит.
Жарнама