"Мықты қарсылас үшін артық төлеуге дайынмын". Данияр Елеусінов жекпе-жегінің мән-жайы айтылды

Сурет: skysports.com

Қазақстандық Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен Иван Дычконың (10-0, 10 КО) Нұр-Сұлтанда өткізетін жекпе-жектеріне мықты қарсыластар таңдалады. Бұл бокс кешін ұйымдастырудың мән-жайы туралы Vesti.kz тілшісіне боксшылардың менеджері Зия Алиев айтып берді. 

Менеджердің сөзінше, бұл үшін ол артық ақша шығаруға да дайын. 

"Мүшек" біреуді алып келмеймін. Бұл нағыз айқас болады. Данияр мұндай жекпе-жекті АҚШ-та да өткізе алар еді, бірақ біз Қазақстанда ұйымдастырамыз. Мықты қарсыласпен келісемін. Ол келуі үшін артық төлеуге де дайынмын. Мэйн ивент - Данияр Елеусінов.

Ко-мэйн-ивент - Иван Дычко. Оған да мықты қарсылас табамыз. Рұқсат етсе, жоспар бойынша 25 мың көрермен жинамақпыз. Әр жекпе-жек бөлек шоу сияқты болады. Тамаша бокс кешін ұйымдастырамыз", - дейді Алиев.