"Мықты қарсылас". Сарапшы Қанат Исламның WBO чемпионы Андрадемен жұдырықтасу мүмкіндігі жайлы

Сурет: Vesti.kz©
Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) 27 қазан Голливудта өтетін жекпе-жегіне қарсылассыз қалды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри 32 жастағы америкалықпен 36 жастағы Қанат Исламмның (27-0, 21 КО) жұдырықтасу мүмкіндігін бағамдап көрді. 

"Андраде қарсыласынан айырылды, дегенмен, оның командасы тағы бірнеше жол қарастырып қойған болу керек. Алдағы уақытта қарсыластың есімі аталарына сенімдімін. 

Қанат Ислам туралы сұрап отырсыз ба? Меніңше, бұл жақсы жекпе-жек болар еді. Тіпті Қанат мұның алдында аталған Дастиден гөрі мықты қарсылас. Алайда мұндай жекпе-жек қарашада өте қоймас. Ислам жұдырықтасқысы келгенімен, Андраденің командасы мұндайға стратегиялық дайындықсыз келіспейді. Мүмкін Ислам келесі жылы Деметриуспен кездесу өткізе алатын шығар", - дейді МакКаферри.

Андраденің келесі қарсыласы америкалық Дасти Эрнандес-Харрисон (34-0-1, 20 КО) болу керек еді, алайда, боксшы салмақ лимитіне түсе алмады. Ал Қанат Ислам қазір АҚШ-та жаттығып жатыр. Ол осы елде қазан айында жұдырықтасу керек болған октябре, алайда, қазақ боксшыға қарсылас табылмады.
Жаңалықтар