"Андраде қарсыласынан айырылды, дегенмен, оның командасы тағы бірнеше жол қарастырып қойған болу керек. Алдағы уақытта қарсыластың есімі аталарына сенімдімін.
Қанат Ислам туралы сұрап отырсыз ба? Меніңше, бұл жақсы жекпе-жек болар еді. Тіпті Қанат мұның алдында аталған Дастиден гөрі мықты қарсылас. Алайда мұндай жекпе-жек қарашада өте қоймас. Ислам жұдырықтасқысы келгенімен, Андраденің командасы мұндайға стратегиялық дайындықсыз келіспейді. Мүмкін Ислам келесі жылы Деметриуспен кездесу өткізе алатын шығар", - дейді МакКаферри.
Андраденің келесі қарсыласы америкалық Дасти Эрнандес-Харрисон (34-0-1, 20 КО) болу керек еді, алайда, боксшы салмақ лимитіне түсе алмады. Ал Қанат Ислам қазір АҚШ-та жаттығып жатыр. Ол осы елде қазан айында жұдырықтасу керек болған октябре, алайда, қазақ боксшыға қарсылас табылмады.