"Мықты жігітке қарсы ауыр айқас". Ковалев "Канелоны" қалай жеңерін білмей отыр

© Top Rank
Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалев мексикалық мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекке дайындық кезінде неге мән беретінін айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат".

"Сол апперкоты өте қауіпті, оң жақ хугы де. Жақсы қорғанады, басын жасыра біледі. Іліп кету қиынға соғады. 

Маған оңай болмайды: мықты жігітке қарсы ауыр айқас. Ол салмақ жоғалтпағандықтан күшейе түседі. Бірақ мен бір нәрсені ғана ойлаймын: қалай болса да жеңуім керек", - дейді Ковалев.