"Мықты емес, ешқашан бола алмайды да". Атақты мексикалық бапкер "Канело" жайында

Сурет: boxingscene.com
Халықаралық бокс залына аты жазылған мексикалық белгілі бапкер Игнасио Начо Беристайн төрт салмақта әлем чемпионы отандасы Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) мықтылығына қатысты ойын айтты. Маманның сөзін Boxingscene.com порталы беріп отыр. 

Мұның алдында өзге атақты бапкер Роберт Гарсия "Канело" мексикалық ең мықты боксшылардың бірі ретінде тарихта қалады деп пікір білдірген. Алайда Беристайн мұнымен келіспеді.

"Роберт Гарсияның пікірімен келіспеймін. Оны сыйлаймын бірақ, келісе алмаймын. Сауль мықты боксшы екені сөзсіз, дегенмен, ең мықты мексикалық боксшылардың бірі атану қиын. Оның боксы көрермендерге ұнайды, алайда, ол әлемдегі ең мықты боксшы емес және ешқашан ондай болмайды", - деп мәлімдеді Беристайн.

Мамамның сөзінше, промоутерлер Альваресті қауіпті қарсыластардан қорғаштап, карьерасын биікке көтере алды.

"Альварестің командасы оның карьерасын бүлдіретін орта салмақтағы кейбір боксшылардан қашатыны орынды, өйткені ол қыруар пайда әкелуде. Былайша алғанда "Канело" жақсы, бірақ, ең мықты емес", - дейді бапкер. 
Жаңалықтар