auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Мықты боксшы, нағыз азамат". Менеджер Садриддин Ахмедовтың адамгершілік қасиеті туралы

"Мықты боксшы, нағыз азамат". Менеджер Садриддин Ахмедовтың адамгершілік қасиеті туралы
Сурет: Eye of the Tiger Management©

Қазақстандық Садриддин Ахмедовтың менеджері Анна Рева Vesti.kz тілшісіне берген сұхатында Мексикада өткен бокс кеші, Америкаға ауысу мен боксшының адамдық қасиеттері жайлы айтып берді. 

- Мынадан бастағым келеді. Садриддинге алғысым шексіз! Көптеген боксшыға көмектесті, бірақ, еш табыс көрмедім. Мен де адаммын ғой, оның үстіне нәзік жандыларданмын. Бәрінен қажыдым да, бокстан кетпек болдым. Осы кезде мені қолдаған жалғыз Садриддин болды. Ол маған келіп: "Мен басқа менеджер іздегім келмейді, сізге қиын екенін білемін, алайда, маған ештеңе керек емес - бәріне бірге жетейік" деді. Бұл оны мықты боксшы ғана емес, нағыз азамат ретінде сипаттайды. Ол менің бокста қалуыма әсер етті, сондықтан бар назарым қазір оның карьерасын дамытуға ғана бағытталады. 

 

- Садриддиннің кейінгі жекпе-жегі Мексикада өтті. Неге осы елді таңдадыңыздар?

- Канадада қазір пандемияға байлансты жағдай қиын, сондықтан, боксшылар отырып қалмас үшін мүмкіндікті жібермедік. Садриддин осынша үзілістен кейін жекпе-жек өткізу маңызды еді. Мексика ең жақсы жер емес, бірақ, сол уақытта ыңғайлы әрі қолайлысы болды. 

- Әнұранды шатастырып алғаны қалай болды?

- Бұл адами фактор. Бокс кешінде музыка мен әнұрандарға жауапты адам шатыстырған. Біз бәрін дұрыстап тапсырғанбыз. Олар қателігін мойындап, кешірім сұрады. Енді Мексикада Қазақстан әнұранын және Садриддин Қазақстанның шын патриоты екенін жақсы біледі.  

- Садриддин қашан АҚШ-та жұдырықтаса бастайды?

- Келіссөз жүргізіп жатырмыз, аз қалды. Мүмкін осы жылы бірінші жекпе-жегімізді өткізіп те қалармыз. Бұрынырақ жасар едік, алайда, пандемия жоспарға килікті. 

- Садриддинді әдетте ең мықты боксшылармен, тіпті Сауль Альвареспен салыстырады, команда бұған қалай қарайды?

- Иә, оны мықты боксшылармен жиі салыстарды, дегенмен, Садриддиннің өз жолы бар. Оның боксқа әкелер өз үлесі болады.

Еске салайық, 30 қаңтар Мексиканың Куэрнаваке қаласында өткен бокс кешінде Ахмедов төрешілер шешімімен голландиялық Стивен Даньоны жеңіп, WBA Continental, NABF және WBC Francophone титулдарын жеңіп алды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама