Қазақастандық боксшы Темірлан Мұқатаев Таиланд астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан құрлықтық жарыстың жартылай финалында 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Темірлан кореялық Мун Ёчханмен жұдырықтасты.
Бірінші раундта 5.0 есебімен Мұқатаев анық асым болды, ал екінші раундта қазақ бкосшы қарсыласын қатарынан екі рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші айқасты тоқтатып тастады.
Осылай Темірлан техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, финалға жоладама алып отыр.
Жарнама