Бокс
25 тамыз 12:24

Мұрны сынды ма? Қазақ пен өзбек боксшының айқасы бірінші раундта нокаутпен бітті

©Видеодан кадр

Тараз қаласында RD Promotion ұйымдастырған кәсіби бокстың рейтингілік кеші өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жергілікті талант Әлішер Әбдуәлім және өзбекстандық Асрорбек Рахимов айқасқа шықты.

Бірінші орта салмақтағы сегіз раундтқа жоспарланған жекп-жек алғашқысында-ақ аяқталды - Әбдуәлім қарсы шабыулды өзбекстандықты нокаутпен жеңді.

24 жастағы қазақстандық боксшы үшін бұл кәсіпқой рингтегі бесінші жеңіс (5-0, 3 KO). Ол әзірге жеңіліс көрмеген мүлтіксіз рекорд иесі болып тұр.

Ал Рахимов төртінші рет жеңіліп қалды. Оның қазіргі көрсеткіші - 6 жеңіс, 4 жеңіліс, 4 нокаут.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport