Тараз қаласында RD Promotion ұйымдастырған кәсіби бокстың рейтингілік кеші өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жергілікті талант Әлішер Әбдуәлім және өзбекстандық Асрорбек Рахимов айқасқа шықты.
Бірінші орта салмақтағы сегіз раундтқа жоспарланған жекп-жек алғашқысында-ақ аяқталды - Әбдуәлім қарсы шабыулды өзбекстандықты нокаутпен жеңді.
24 жастағы қазақстандық боксшы үшін бұл кәсіпқой рингтегі бесінші жеңіс (5-0, 3 KO). Ол әзірге жеңіліс көрмеген мүлтіксіз рекорд иесі болып тұр.
Ал Рахимов төртінші рет жеңіліп қалды. Оның қазіргі көрсеткіші - 6 жеңіс, 4 жеңіліс, 4 нокаут.
Жарнама